Алматыдағы көпқабатты үйдің терезесінен екі қыздың құлағаны хабарланған болатын
Алматының Алмалы ауданында жасөспірім қыздар биіктен құлап, қайтыс болды. Білім басқармасы істің мән-жайын зерделеу жөніндегі комиссия құрылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл факт бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған. Кейінірек білім басқармасы арнайы комиссия құрылатынын хабарлады.
"Алматы қаласының білім басқармасы тиісті мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тарта отырып, істің барлық мән-жайын зерделеу жөніндегі комиссия құрылғанын хабарлайды", - делінген ведомствоның хабарламасында.
Бұған дейін Алматыдағы көпқабатты үйдің терезесінен екі қыздың құлағаны хабарланған болатын. Куәгерлер тұрғын үй кешені маңындағы асфальттан мектеп оқушыларының денесін тауып, Төтенше жағдайлар қызметіне хабарлаған. Жедел жәрдем дәрігерлері мен полиция қызметкерлері қайғылы оқиға орнына келген, алайда балаларды аман алып қалу мүмкін болмады.