Оқиғаға қатысы бар адамның жеке басы анықталды
Әлеуметтік желілерде Алматыдағы № 106 автобусқа қолына тапанша ұстап мінген жолаушының бейнежазбасы тарады. Қалалық полиция департаменті видеодағы азаматтың ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Полиция әлеуметтік желідегі мониторингтен соң жедел іздестіру жұмыстары жүргізілгенін атап өтті.
«Жедел әрекет ету барысында оқиғаға қатысы бар адамның жеке басы анықталды. Ол ұсталып, полицияға жеткізілді. Ер адам күзетші болып жұмыс істейтінін айтып, ойыншық болып шыққан қаруды қала базарларының бірінен сатып алғанын айтты. Тергеу жалғасып жатыр. Күдіктінің әрекетіне құқықтық баға берілетін болады», – делінген полиция хабарламасында.