Тимур Құлыбаевтың компаниясы Алматы әкімдігінен 34 млрд теңге талап етіп отыр – Базарбек

Qaz365.kz редакциясы

20 мың гектар болатын 136 жер бойынша іс сотта қаралып жатыр

Фото: parlam.kz

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы, олигарх Тимур Құлыбаев ҚазҰУ аумағындағы жер теліміне салынып жатқан бизнес-орталық үшін Алматы қаласы әкімдігінен 34 миллиард теңге өтемақы төлеуді талап етіп отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы бүгін Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек өз сауалында айтты.

Оның айтуынша, талап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға жерлерді қайтару ісіне қатысты. Базарбек өз сауалын бас прокуратураға жолдады.

«Соттың шешімі бойынша, бизнес-орталық салынатын жерінен айырылып, Тимур Құлыбаевтың фирмасы Алматы әкімдігіне 34 миллиард теңге сомасында есепшот жасады. Енді соттан ұтылғаннан кейін компания бизнес-орталықтың құрылысына салынған заңсыз инвестицияларын өндіріп алғысы келеді. Әкімдер жер учаскелерін заңсыз берген барлық жобаларға қатысты осындай жағдай болады»,- дейді Бақытжан Базарбек.

Ол вице-премьер Нұрлан Байбазаровтың кәсіпкерлерден түскен арыз өтінішінен кейін, негізсіз хаттамалық шешім шығарғаны айтты.

Мәжілісменнің дерегінше, 55 мың гектар аумақтағы 72 жер бойынша жер иелері инспекторлардың заңды талабын орындамаған. 47 мың гектар болатын 263 жер бойынша материалдар сотқа жіберілген. Ал 20 мың гектар болатын 136 жер бойынша іс сотта қаралып жатыр.