Қазір бұл шулы іске қатысты13 айыпталушы ұсталды
Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха Қызылордада сыныптастары қорлаған оқушы қыздың ісіне қатысты тергеу туралы айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Вице-министрдің сөзінше, қазір бұл іске қатысты13 айыпталушы ұсталды.
«Олардың екеуі үйқамаққа алынды. Қазіргі таңда бірқатар баптар бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұдан басқа ештеңе айта алмаймын. Себебі іске қатысты мәліметтер тергеушінің құзыретінде», – деді Лепеха.
Оның айтуынша, 16 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегендер мен зорлық-зомбылықты тікелей ұйымдастырғандар қамауға алынды.
Вице-министр ұсталғандардың қаншауы кәмелеттік жасқа толмағандар екенін айтпады.
«Тергеу бұл мәселені қарап жатыр. Біз қыз қабылдаған адамдардың барлығын тексереміз», – деді Лепеха.