Алматы облысында кондуктор әйел жүріп бара жатқан автобустан құлап, қаза тапты

Qaz365.kz редакциясы

Оқиға 18 қыркүйек күні түс ауа болған

Фото: ашық дереккөзден

Алматы маңындағы ауылдар арасында жүретін автобустан құлаған кондуктор оқиға орнында жан тапсырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқиға 18 қыркүйек күні түс ауа болған.

"Алматы-Көкпек-Көктал автожолымен жүретін маршруттық автобустың кондукторы салоннан құлап қалғаны анықталды. Оқиға салдарынан әйел сол жерде көз жұмды. Бұл факт полицияда тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.