Шахтадағы жарылыс: Жамбыл облысында жұмысшы үйінді астында қалды

Qaz365.kz редакциясы

Компания апатты тергей бастады

Фото: ашық дереккөзден

Оқиға «Алтыналмас АК» АҚ тау-кен байыту кешендерінің бірінде болған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тау жынысы опырылған жерде іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Тастардың жылжуы мен қиын географиялық жағдайға байланысты опырылған аймаққа кіру қиындап жатыр. 

Компания апатты тергей бастады. Арнайы комиссияя төтенше жағдайдың мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.

«Алтыналмас АК» кен өндіріп, өңдейді. Алтыны бар кен Қазақстанның 9 кеніш орнында өндіріледі. Компанияның активтері төрт аймақта – Жамбыл, Қарағанды, Абай және Ақмола облыстарында орналасқан.

Компания ақпаратынша, Жамбыл облысында кенді жерасты және ашық әдістермен өндіреді.