Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда
Абай ауданындағы Орловская шахтасында тау-кен опырылып, KAZ Minerals қызметкері мерт болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«2024 жылдың 19 қыркүйегінде сағат 14:20 шамасында кәсіпорынның екі қызметкері жарақат алды. Алдын ала себеп – тау массасының құлауы. Алған жарақаттарынан зардап шеккендердің бірі ауруханада қайтыс болды. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін екіншісі үйіне жіберілді», - делінген хабарламада.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, қайғылы оқиғаны тергеу жөніндегі арнайы комиссия құрылды.
«Kaz Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук жазатайым оқиғаны тергеуге жеке қатысу үшін Орлов шахтасына барды. KAZ Minerals тобының басшылығы мен ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Компания марқұмның отбасына жан-жақты көмек көрсетеді», - деп қорытындылады компания.