Оқиға 19 қыркүйек күні болған
Атырауда Сары-Арқа көшесінде орналасқан көп қабатты үйдің алтыншы қабатынан 4 жасар бала құлап кетіп, ауруханада жан тапсырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Оқиға 19 қыркүйек күні кешкі сағат 16:43-те болған.
2020 жылы туған сәби жедел жәрдем келгенде ауыр хәлде жатқан. Дәрігерлер баланың өмірі үшін қанша күрескенімен, ол ауруханада жан тапсырған.