БҚО-да киік көбейіп, шөп қалмаған

Qaz365.kz редакциясы

Ақбөкендерді атуға тыйым салынған

Видеодан кадр

Батыс Қазақстан облысындағы Бөкей Ордасы, Жәнібек, Казталовка, Жаңақала сынды аудандардағы киік саны жылда көбейіп жатыр. Бірақ шөп жоқ, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеода автор Казталовка ауданына барғанын айтқан.

«Казталовкада киіктен аяқ алып жүре алмайсың. Бірақ дым шөп қалмаған. Шошайып сирек қамыс сияқты бірдеңлер ғана қалған. Жердің бәрі ойылып қалған», - дейді видео авторы.

Бұған дейінгі жылдары Батыс Қазақстан облысының үш ауданындағы шаруалар көбейіп кеткен киіктің зардабын тартып жатқанын айтып, дабыл қаққан еді.

Осыдан Қазақстанда киік атуға рұқсат берілген еді. Бірақ кейін Тоқаев араласып, ақбөкендерді атуға тыйым салынатын мәлімдеген болатын.