«Қызыл дельфин» ойыны ма?: Алматыда тағы бір оқушы қыз 13-қабаттан құлады

Qaz365.kz редакциясы

Әзірге белгілісі, қыз қосымша тапсырмаларын орындау үшін үйінен шығып кеткен

Ашық дереккөздерден

Әлеуметтік желіде Алматыда 12 жастағы қыз көпқабатты үйдің он үшінші қабатынан құлап кеткені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әзірге белгілісі, қыз қосымша тапсырмаларын орындау үшін үйінен шығып кеткен. Алайда қосымшаға барудың орнына 13-қабатқа көтерілген.
Алматы полиция департаментінде қыз баланың көз жұмғаны расталды.

«Бұл факт бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Себеп пен мән-жайлар белгіленеді», - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Желіде тараған ақпаратта қыздың қауіпті ойын ойнағаны туралы айтылды. Бірақ полиция бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Әлеуметтік желіде қайтыс болған баланың қауіпті ойындар ойнағаны және өзіне-өзі қол жұмсау туралы жазба қалдырғаны ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Алматы қаласының полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді және ресми дереккөздерден алынған деректерді басшылыққа алуға шақырады», - деді баспасөз қызметі.

Бұған дейін Алматыдағы жетінші сыныптың 2 оқушысы да секіріп кеткен.  Кейбір БАҚ «Қызыл дельфин» ойнаған болуы мүмкін екен жазған.