СҚО-да жас ана жаңа туған нәрестесін қорапқа салып тастап кеткен

Qaz365.kz редакциясы

Белгілісі, 25 жастағы әйел қан кетіп, ауруханаға жүгінген

Белгілісі, 25 жастағы әйел қан кетіп, ауруханаға жүгінген

Солтүстік Қазақстан облысында 25 жастағы келіншек гаражда босанып, баласын тастап кеткен, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Белгілісі, 25 жастағы әйел қан кетіп, ауруханаға жүгінген. Дәрігерлер келіншекті тексерген соң оның жас босанған ана екенін анықтаған. 
Ол үйде босанып, сәбиін көрші үйдің қорасында тастап кеткен. Қазір ана мен баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.


«Жас ана Ғабит Мүсірепов аудандық ауруханасында жатыр, жағдайы тұрақты. Сәби перинаталдық орталыққа жеткізілді. Қазіргі кезде жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында», — деп нақтылады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.


Айта кету керек, сәби шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды. Ана мен баланың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде.