Хат жазып қалдырған: Петропавлда жертөледе әскери қызметкердің мәйіті табылды

Qaz365.kz редакциясы

СҚО қорғаныс істері департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға қызметтен тыс уақытта болған

Фотт: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Петропавлда үйлердің бірінің жертөлесінде қорғаныс істері департаментінің келісімшарт бойынша жұмыс істейтін әскери қызметшісінің денесі табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

СҚО қорғаныс істері департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға қызметтен тыс уақытта болған.

«Алдын ала ақпарат бойынша келісімшарт бойынша әскери қызметші отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде өзіне-өзі қол жұмсады. Оқиға орнында суицид алдында жазылған хат табылды. Себептері мен жағдайлары анықталуда. Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.