19 бұзақылық жағдай тіркелді
Оралда қала күнін мерекелеу кезінде 100 бала жоғалып кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
БҚО полиция департаментінің мәліметінше, 21 қыркүйек күні кешке өткен қала күніне арналған гала-концерт кезінде 100 бала жоғалған. Олар стационарлық полиция пунктіне жеткізілді.
Сондай-ақ осы күні бұзақылықтың 19 жағдайы тіркелді, 23 адам ішімдік ішкені үшін ұсталды, ал 38 адам уақытша бейімделу және детоксикация орталығына жеткізілді.
Ал төрт жүргізуші мас күйінде ұсталды.