Астанада ер адам LRT құрылысына асылып қалған

Qaz365.kz редакциясы

Ақпаратты полиция растады

Видеодан скриншот

Астанада құрылысы жүріп жатқан LRT бағанына асылып өлген адамның видеосы тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқиғаның видеосы WhatsApp арқылы қала тұрғындары арасында тарап жатыр. Полицейлер қайғылы оқиғаны растап, оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.

«102 арнасы Нәжімеденов көшесінің бойындағы құрылыс нысанында ер адамның асылып тұрғаны туралы ақпарат түсті. Полиция марқұмның жеке басын анықтады, ол 38 жаста. Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның анық-қанығы анықталады», - деп хабарлады Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 8 тамыздан 9 тамызға қараған түні Астанадағы Ұлы Дала көшесі мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысында LRT тіректері опырылып түскен болатын.