Бишімбаев сот үкімімен 24 жылға сотталған болатын
Экс-ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев түрмеде әлі жұмысқа орналаспаған. Ақпаратты ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті растады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бишімбаевтың жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде өтеп жатқаны белгілі. Алайда бос жұмыс орнының болмауына байланысты ол әлі жұмысқа кіріспеген.
«Бос жұмыс орны жоқ», – деп жауап берді комитеттің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айып тағылған экс-министр Қуандық Бишімбаев сот үкімімен 24 жылға сотталған болатын.