ҚазҰУ студенттері жаппай төбелесті – полиция пікір білдірді

Qaz365.kz редакциясы

Оқиғаның мән-жайы анықталуда

Фото: КазҰУ

Алматыда ҚазҰУ студенттері арасында жаппай төбелес болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, бұзақылық жасағандардың барлығы қамауға алынған.

“Бостандық аудандық полиция басқармасы 20 адамға қатысты қылмыстық іс қозғады. Қақтығысқа қатысушылардың барлығы ұсталып, полицияға жеткізілді. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда”, - делінген хабарламада.

Алматы әкімдігі ҚазҰУ жатақханаларында, оның ішінде N6 және N8 жатақханаларда қираулар мен құрбандар туралы ақпарат шындыққа жанаспайды деп хабарлайды. Құрбандар мен қираулар жоқ.