Қазақстанның батыс аймағында жер сілкінді

Qaz365.kz редакциясы

Жер сілкінісі түстен кейін болған

Фото: istockphoto.com

Қазақстанның батыс аймағында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ұлттық деректер орталығының дерегінше, жер сілкінісі бүгін, 24 қыркүйекте түстен кейін болған. 

Ұлттық ядрлық орталығы геофизикалық зерттеулер институты желісінің стансалары 2024 жылғы 24 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 14:20 шамасында (GMT 09:20) зілзаланы тіркеген. 

«Батыс Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді. Эпицентр координаттары: солтүстік ендік — 46,07 градус, шығыс бойлық — 53,30 градус. Магнитудасы — 4,1. Энергетикалық класы — 9,2» делінген хабарламада.

Сондай-ақ volcanodiscovery.com мәліметінше, жер сілкінісі Атырау облысының аумағында тіркелген.