Маңғыстауда полицейлерге бюджеттен 2 млн теңгеге сағат алмақшы

Qaz365.kz редакциясы

Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі ақпаратқа қатысты жауап берді

Фото: lada.kz

Qaz365.kz тілшісі Мемлекеттік сатып алулар сайтын ақтарып көрді. Порталдан
Маңғыстау облысының полиция департаменті мемлекет ақшасына шамамен 880 мың теңгеге әйелдерге арналған және 1 млн 100 мың теңгеге ерлерге арналған сағат сатып алатын анықтадық.

Мемлекеттік сатып алулар сайтында Маңғыстау облысының Полиция департаменті сағат сатып алу туралы хабарландыру жариялаған. Техникалық спецификацияда сағат бауы бұзау терісінен жасалуы қажеттігі, ал сағаттың өзі алтын жалатылған болуы керек деп жазылған. Полицейлер мұндай сағаттармен жақсы жұмыс істейді екен.

«Механизм - жапон/щвейцариялықтан жаман емес. Механизмнің түрі – кварц. Сырты PVD Gold (алтын), қапталған (титан нитрид + 10 микрон алтын). Артқы қақпағы тот баспайтын болаттан жасалған. Шынысы - минералды, сызаттарға төзімді. Су өткізбейтін - кем дегенде 5 АТМ. Шаң/ылғалға төзімді. ( ... ) Циферблат – ақ эмаль, дөңгелек, диаметрі кемінде 30 мм, өріс өндірушінің жазулары мен эмблемаларынан таза. Бауы: аллергияға қарсы жабыны бар былғарыдан (бұзау), қара/қоңыр, қара/қоңыр жіптермен тігілген», - делінген сипаттамасында.

Сағаттың әрбір данасы 11 мың теңге тұрады. 88 данадан тұратын әйелдер сағатының жиынтығына ведомство 880 мың теңге, ал 100 дана ерлер сағатына - 1,1 миллион теңге бөлмекші.

Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметінде ведомство осындай сағаттарды ерекше көзге түскен құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлеріне мереке күндері сыйлайтынын түсіндірді.