Оралда полицей әйел кісіні көлікпен қағып өлтірді

Qaz365.kz редакциясы

Көлік тізгінінде полиция қызметкері болған

Фото: polisia.kz

Қайғылы оқиға 19 қыркүйекте таңғы 6:15 шамасында Пугачев көшесінде болған, деп хабарлайды  Qaz365.kz тілшісі Мой город-қа сілтеме жасап.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ВАЗ-21703 көлігінің жүргізушісі жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткен әйелді қағып кеткен.

Жәбірленуші алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды.

Жол-көлік оқиғасы бойынша құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Көлік арнайы тұраққа қойылып, жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетейік, көлік тізгінінде полиция қызметкері болған. Оқиғадан кейін полицей ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды.