Балқашта жылу трассасын жөндеу кезінде үш адамның сүйегі табылды

Qaz365.kz редакциясы

Сүйектер сот-медициналық сараптамаға жіберілді

Фото: polisia.kz

Жұмысшылардың айтуынша, қалдықтар құбырлардың ішіне салынған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Адам қалдықтары анықталды. Еті жоқ. Тек сүйектер табылды. Қазіргі уақытта адам қалдықтарын табу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді Балқаш қаласы полиция бөлімінің бастығы Айткен Қадрин.

Сарапшылардың айтуынша, қалдықтар бірнеше жыл бойы жерде жатқан. Сүйектер сот-медициналық сараптамаға жіберілді.