Алматыда студент өзіне қол салды

Qaz365.kz редакциясы

Университет басшылығы марқұмның жақындарына көңіл айтты

Фото: istockphoto.com

Алматыда Almaty Management University студенті суицид жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы Менеджмент университетінің басшылығы марқұмның жақындарына көңіл айтып, оның отбасына қолдау көрсететінін мәлімдеді.

«Almaty Management University студентіміздің қайғылы қазасы туралы терең күйзеліспен хабарлайды. Қайғылы жағдайдың себептері мен мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр. Университет барлық қажетті қолдауды көрсетіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға көмектеседі», - делінген хабарламада.

Университет бұқаралық ақпарат құралдарынан марқұмның отбасына құрметпен қарап, тексерілмеген ақпаратты таратпауды сұрады.