Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ
Атырауда пара алған колония басшысы әділет подполковнигі шенінен айырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Облыстық сот баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №75 мекеме басшысының міндетін атқарушы 1 млн теңге пара алған. Пара беруші басшыдан ағасын тергеу изоляторында қалдыруды және шаруашылық жұмыстарына тартуды сұраған.
Сот айыпталушыны кінәлі деп тапты. Ол мемлекеттік қызметте және мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылып, 30 млн теңге айыппұл (параның 30 еселенген сомасы) төлеуге міндеттелді. Сондай-ақ сотталушы әділет подполковнигі шенінен айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.