«Барабан тартып кеткен»: Қостанай облысында комбайншы қаза тапты

Qaz365.kz редакциясы

Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр

Фото: pixabay

Жазатайым жағдай Денисов ауданының Чебендовка ауылының маңында болды. 49 жастағы комбайншы комбайн тырмасын шөптен тазартып жатқанда, оны барабан тартып кеткен.

Полиция және еңбек инспекциясы шаруа қожалығының жұмыскері көз жұмғанын растады.

Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.