Пойызда сарбазды соққыға жыққан күдіктілер Астанада ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Бүгін екі күдікті Астана қаласында ұсталды

Фото: ашық дереккөзден

Күні кеше президент ішкі істер министріне оларды ұстап, жауапқа тартуды тапсырған еді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін екі күдікті Астана қаласында ұсталды. Олар сарбаздың бұрынғы қызметтестері болып шықты.

Екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сондай-ақ бейнетүсірілім жасаған адамға да құқықтық баға берілетін болады.

«Тергеу аясында барлық күдіктілерден жауап алынды. Олардың әрекеттеріне, соның ішінде бейнетүсірілім жасаған адамға да құқықтық баға беріледі. Тергеу әрекеттері жалғасуда», - деп хабарлады полицейлер. 

Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пойызда сарбазды ұрғандарды жауапқа тартуды тапсырған болатын.