Ұсталған адам Қазақстанға жеткізілді
Он бес жыл бұрын Қазақстанда аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде болған әйел Түркияда ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Белгілі болғандай, ол 2009 жылы Ақтау қаласындағы банктердің бірінде директор орынбасары қызметін атқарғанда жылжымайтын мүлік сатып алу үшін 200 мың доллар мөлшерінде несие алу туралы өтінішпен қаржы ұйымына жүгінген. Ақшаны алу кезінде әйел қарыз алушының қолтаңбасын қолдан жасап, артынан жасырынған.
«Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросы түрік әріптестерімен бірге аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланған 42 жастағы әйелді Анталья қаласында ұстады», – деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.
Ұсталған адам Қазақстанға жеткізілді. Қазір қамауда отыр.