Тоқаевтың кортежінен атыс қарулары табылды

Qaz365.kz редакциясы

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кортежінің жүретін жолынан атыс қарулары табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан облысында мемлекет басшысының кортежінің жүру бағытын тексеру кезінде Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Мемлекеттік күзет қызметімен бірлесіп, атыс қаруының қоймасын анықтады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Қазіргі уақытта барлық мән-жайларды анықтау және күдікті адамдарды ұстау бойынша қажетті жедел - іздестіру және тергеу іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.

Айта кетейік, 27 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен барған еді.