Шымкентте Әуезов университетінің ректоры ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Фото: Әуезов университеті

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры 28,5 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап. 

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры Қайрат Нұрманбетов ұсталды. Желіде М.Әуезов атындағы оқу орнының басшылық қызметтегі екі қызметкері мен екі компания басшысы қамауға алынғаны айтылды.

Экономикалық тергеу департаменті ректордың ұсталғаны туралы ақпаратты растады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ведомство басшысының айтуынша, тергеудің құпиялылығына байланысты ақпарат жария етілмейді. Істің мемлекеттік сатып алуға қатысты екені ғана белгілі.