Алматы облысында 14 жастағы оқушы қыздың денесі табылды

Qaz365.kz редакциясы

Қазір тергеу жүргізіліп жатыр

Фото: old.kzvesti.kz

Алматы облысы Талғар ауданының кентінде 14 жасар қыз көз жұмды. Оның қандай жағдайда жан тапсырғаны белгісіз, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Не молчи» қорының мәліметінше, қайғылы оқиға Өтеген ауылында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өз-өзіне қол салған болуы мүмкін.

Алматы облысының полиция департаменті баланың өлімі жайлы ақпаратты растады.

«Аталған факті бойынша Талғар ауданының полицейлері қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», – делінген полиция хабарламасында.

Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.