Астанада 20 жастағы қыз өлі табылды

Qaz365.kz редакциясы

Бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: gov.kz

Астанада 20 жастағы қыздың денесі табылды. Мәйітті тұрғын үй кешендерінің бірінің тұрғындары тауып алған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалған.

«30 қыркүйекте 102-арнасына Майлин көшесінде тыныс алу белгілері жоқ қыз жатыр деген хабар келді. 20 жастағы марқұмның жеке басы анықталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – делінген полиция хабарламасында.

Кейбір мәліметтер бойынша, қыз жоғарғы қабаттың терезесінен құлаған болуы мүмкін.