Полиция аталған оқиға бойынша мәлімдеме жасады
Алматыда жастар арасындағы дзюдодан Азия чемпионы Дамир Исахановқа қастандық жасалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл ақпарат алдымен әлеуметтік желіде тарап кетті. Желідегі мәліметке сүйенсек, спортшыға бір топ адам шабуыл жасап, кеудесіне пышақ сұғып алған. Абырой болғанда спортшы аман қалған.
Қалалық Полиция департаменті аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталғанын мәлімдеді.
«Бұл дерек бойынша Алмалы аудандық Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу жан-жақтылық, толықтық және объективтілік қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Тергеу барысы Алматы ПД басшылығының бақылауында», - деді қалалық ПД өкілі Салтанат Әзірбек.