«Бұл жылдарға созылады»: Дубайда қымбат үйлері бар шенеуніктер туралы бас прокуратура пікір білдірді

Qaz365.kz редакциясы

Ол барлық ақпаратты ашып айта алмайтынын жеткізді.

Ulysmedia коллажы

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Қойгелдиев Мәжілістің жалпы отырысынан кейін кулуарда Дубайда мүлкі бар шенеуніктер туралы айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол барлық ақпаратты ашып айта алмайтынын жеткізді. Дегенмен Біріккен Араб әмірлігімен бірлесіп жұмыс істеп жатқандарын жеткізді.

«Мен қазір барлық ақпаратты толық аша алмаймын. Біріккен Араб Әмірліктерімен жұмыс жүріп жатыр. Бұл жұмыс жалғасады. Мен сізге бір нәрсені айтайын – миллиондарды жымқырып, елден кеткен адамдар үнемі іздеуде болады. Біз бақылауды күндіз-түні жүргіземіз. Кейде бұл жылдарға созылады»,- деді Ғалымжан Қойгелдиев .