Референдум алдында белсенділер неге ұсталды – Бас прокуратура пікір білдірді

Qaz365.kz редакциясы

Бас прокурордың орынбасары журналистердің сұрақтарына жауап берді

Фото: ашық дереккөзден

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев референдум қарсаңында бір топ белсенді не үшін қамауға алынғаны жайлы журналистер сауалына жауап бере алмады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мәжіліс кулуарында журналистер Қазақстанда АЭС бойынша өтетін референдум қарсаңында Алматыда ұсталған белсенділер туралы бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиевке сұрақ қойды.

 «Бұл сұрақ менің құзыретіме кірмейді, сауалды ішкі істер министрлігі өкілдеріне қойғаныңыз дұрыс болады», – деп жауап берді.

Еске салсақ, бұған дейін мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи парламенттегілер атом электр станциясы бойынша референдум қарсаңында белсенділерді ұстау бойынша күш құрылымдарынан, оның ішінде Бас прокуратурадан жауап күтетінін айтқан еді.