Полиция ақпаратты растады
Астана маңындағы ауылда 14 жастағы жасөспірім өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Әлеуметтік желіде Астана маңындағы Жібек жолы ауылында жасөспірім қыздың асылып қалғаны туралы ақпарат тарады.
Ақмола облыстық полиция департаменті ақпаратты растады.
"1 қазанда Аршалы аудандық ішкі істер бөліміне Астана қаласының тұрғынынан өзінің Жібек-Жолы ауылындағы үйінің гаражында 2010 жылы туған немере қарындасының өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция департаменті бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады", – делінген полиция хабарламасында.