Полиция қылмыстық іс қозғады
Әлеуметтік желіде Алматы облысында анасы екі жасар мүгедектігі бар баласын ұрып өлтіргені туралы ақпарат пайда болды. Полиция департаменті оқиғаны растады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қайғылы оқиға Боралдай ауылында болған.
«Бұл факт бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, УҰИ-ға қамауға алынды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.