Алматы облысында түнде төбелес болып, бір адам көз жұмды

Qaz365.kz редакциясы

Әлеуметтік желіде видео тарады

Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысының Талғар қаласында түнгі төбелестен бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқиға 4 қазанға қараған түні болған.

Әлеуметтік желіде жергілікті тұрғындар жастардың айғайлаған даусын, ал біреуі тіпті оқ атылғанын естігенін айтқан.

Алматы облысының полиция департаменті жігіттер арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқанын мәлімдеді.

«Салдарынан екі жігіт аудандық ауруханаға жатқызылған, олардың біреуі алған жарақатынан жансақтау бөлімінде көз жұмды. Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Төбелес шығарғандардың барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.

Қылмыстық істі тергеу барысын облыстық полиция басшысы өз бақылауына алған.