Ол көптеген қазақ жобаларына қатысып жүрген еді
АҚШ-тың Джорджия штатында тұратын отбасы асырап алған қазақ қызы Динара өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қаралы деректі белгілі журналист, «Шетелдегі қазақ балалары» жобасының авторы Жанар Байсеміз жариялады.
«Америкадан жеткен суыт хабар жып-жылы болып тұрған күздің күнін суытып жіберді. Бір сәтте айналамдағы әсем бояулар қарайып, шайылып кетті. Бұл қалай болғаны, неге, не үшін?! Сұрақ көп, жауап жоқ. Неткен өкініш. Неткен қасірет. Динара, кешір мені, кеш бізді. Рухың пейіште шалқысын. Динараның қазасын туған анасына қалай айтарымды білмей, құлазып отырмын. Америкалық отбасы асырап алған қазақ қызы өзіне қол жұмсап, қайтыс болды», - деп жазды журналист.
АҚШ-та тұратын 25 жастағы Динараны Қостанай қаласынан 6 жасында асырап алған. Ол көптеген қазақ жобаларына қатысып жүрген еді.
Айта кетейік, Қазақстандағы бөбектер үйіне рекордтық деңгейде көп бала түскен. Бұл туралы бұған дейін жазғанбыз.