Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Төтенше жағдайлар министрлігі дала өртін сөндіру кезінде өртсөндіруші қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
"6 қазанда Қарағанды облысында Қарқаралы ауданындағы дала өртін сөндіру барысында өз қызметтік міндетін атқару кезінде 24-өрт сөндіру бөлімінің аға өртсөндіруші-құтқарушысы 1991 жылы туған Хали Хайрат қаза тапты", - делінген хабарламада.
Сержант азаматтық қорғау органдарында 2014 жылдан бастап жұмыс істеген. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Соталды тергеу басталғаны айтылды.
"Ведомствоның Апаттар медицинасы орталығының психологтары қайтыс болған қызметкердің туыстарына қажетті психологиялық көмек көрсетіп жатыр. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өртсөндірушінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады! ТЖМ қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеді", - делінген хабарламада.