Талдықорғанда патруль көлігі жол апатына ұшырады

Nur-Altay Umirzak

Полиция көлігі бағдаршамның қызыл сигналына өтіп бара жатқанда қызметтік көлікті  жүргізуші жібермеген

Фото: instagram.com/taldykorganec.insta_

Талдықорғанда патрульдік көлік апатқа ұшырады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жетісу облыстық Полиция департаменті мәліметінше, полицейлер шақыртуға бара жатып, қиылыстардың бірінде бағдаршамның қызыл түсіне өткенде Chevrolet Niva көлігімен соқтығысқан.

"102" жедел нөміріне пышақ жарақатын алғандығы туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына полиция экипажы дереу жіберілді. Алдабергенов пен Уәлиханов көшелері қиылысында келе жатып, дабыл шамдары мен дыбыстық сигналы қосылған полиция көлігі бағдаршамның қызыл сигналына өтіп бара жатқанда қызметтік көлікті жібермеген Chevrolet Niva-мен соқтығысқан", - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ. Полиция мәліметінше, қазір тергеу басталып, қызметтік тексеру жүріп жатыр.