Алматыда «Лесбиан құрылтай» өткізушілер шу шығарып жатыр

Qaz365.kz редакциясы

Олар хабарландыруды жазда жасаған

Фото: ашық дереккөзден

Гүлзада Сержан бастаған «Феминита» ұйымы Алматыда Лесбиан құрылтай өткізбекші, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Негізі олар хабарландыруды жазда жасаған. 7-10 қазан күндері Алматыда Лесбиан құрылтай болады деп жар салған. Бірақ бүгін Гүлзада Сержан желіде Алматы әкімдігі кедергі келтіріп жатқанын хабарлады.

Қазіргі кезде 4 қонақ үй мен 1 коворкинг-орталық олардың құрылтайын өткізуден бас тартқан.

«Алматы әкімдігі қара тізім жасаған. Соның ішінде біздің «Феминита» ұйымының өкілдері де бар болып шықты. Біз көшпенділерміз ғой, босаңсымаймыз. Егер ішке кіргізбесе, сыртта өткіземіз. Қазір Алматы қаласының көшелерінде лесбиандар толып жүр. Алматы әкімдігі артық қылам деп тыртық қылды», - дейді ұйымдастырушылар.