Жантүршігерлік оқиға: 25 жастағы жігіт ата-анасын өлтіріп, өзіне қол салған

Qaz365.kz редакциясы

Қылмыстық іс қозғалған

Фото: polisia.kz

Атырау облысында 25 жастағы жігіт ата-анасын өлтіріп, артынша өзіне қол салған. Бұл ақпаратты облыстық Полиция департаменті растады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Алдын ала ақпарат бойынша 25 жастағы ер адам өзінің 65 және 58 жастағы ата-анасын өлтіріп, кейін өзіне қол салған. Қазір оқиғаның мән-жайларын жан-жақты анықтау мақсатында жедел-тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді полиция департаменті.

«Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.