Бүгін Алматы облыстық прокуратурасы мәлімдеме жасаған еді
Алматы облысы Талғар қаласында 4 қазанға қараған түні пышақ және тапаншамен қаруланған бір топ адам 16 жастағы жасөспірімді өлтіріп кеткен еді. Желіде күдіктілердің суреті тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Желідегі фотода жетеуінің суреті бар. Оның екеуінің сотталғаны жазылған. Шерзатқа пышақ сұққан жігіт бұрын сотталғаны, 2000 жылы дүниеге келгені көрсетілген. Ал әу баста сыра барған жігіт – 1993 жылғы көрінеді.
Айта кетейік, бүгін Алматы облыстық прокуратурасы сот санкциясымен жеті адам қамауға алынғанын хабарлаған еді.
Еске салайық, оқиға 4 қазанда болған. Баланың әкесі жалға дүкен алып, сауда жасаған. Төбелес осы дүкеннен басталған. Бір жас жігіт дүкенге келіп, бір құты сыра алып, ақшасын төлемей кете барған. Болат сыраның ақшасын төлеуді талап еткен. Арада жанжал туындаған. Болаттың інісі мен ұлы, 16 жастағы Шерзат клиенттен кетуді сұраған. Бірақ сыра алған жігіт достарына қоңырау соғып, дүкенге үш көлікпен бір топ жігіт келген. Арасында үш-төрт қыз да болған.
Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. 10-шы сыныпта оқитын Шерзат Болат ата-анасының дүкеніне кездейсоқ келген. Суық қарумен келген бұзақылар ешкімді аямапты.
Қансыраған бір отбасының мүшелері ауруханаға жеткізілген. Көп ұзамай жасөспірім жансақтау бөлімінде көз жұмған.