Қызылорда облысында 10-сынып оқушысы 14 жастағы баланы ұрып өлтірді

Qaz365.kz редакциясы

Сот шешім шығарды

Фото: ашық дереккөзден

Қызылорда облысында 10-сынып оқушысы 9-сыныптың баласын көкірегінен ұрып өлтірген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқиға Шиелі ауданы Қодаманов ауылындағы мектепте болған. 10-сынып оқушылары Қ. мен Ж. сыныптастарымен бірге 9-сынып оқушыларының амандасуын талап еткен. Кейін олармен сөйлесу үшін жинаған.

Сотталушы Ж. бір қатарда тұрған 9-сыныптың оқушыларын беттерінен бір реттен ұрып шыққан.

Сотталушы Қ. бұл әрекетті жалғастырып, оқушыларды  ұрып келе жатып, жәбірленуші А.-ның көкірек тұсынан жұдырығымен бір рет қатты соққы жасаған. Соның салдарынан жәбірленуші оқиға орнында қаза болды.

Кәмелетке толмаған сотталушы Қ. 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.