Соттың санкциясымен күдіктіге үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды
Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жәнібек ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаровтың айтуынша, ол аудан аумағында мал сатқаны үшін 400 000 теңге сомасында шаруа қожалығы басшысының ақшалай қаражатын алаяқтық жолмен иемденді деп күдіктелуде.
Соттың санкциясымен күдіктіге үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберілді.