«Байбектің әйелі - группаласым» деген экс-судья полицияға жеткізілді

Qaz365.kz редакциясы

Медеу аудандық сотының экс-судьясына қатысты 2021 жылы алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалды

Алматы қаласы Медеу аудандық сотының экс-судьясы Светлана Жолманова полицияға жеткізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Алаяқтық фактісі бойынша Медеу аудандық полиция бөлімі күдікті полицияға жеткізілді, қазір тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады Алматы полициясы.

Медеу аудандық сотының экс-судьясына қатысты 2021 жылы алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Кейін ол тоқтатылды, бірақ Жоғарғы Сот Кеңесі Жолманованы қызметінен босатқан еді.

Айта кетейік, Светлана Жоламанова Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің әйелі Жанармен университет қабырғасында бірге оқыған.