Қылмыс әлемінде абыройы бар "вор в законе"
Қылмыс әлемінде "Леха Семипалатинский" деп аты шыққан Айтқали Маймушев жазасын өтеп жатқан қатаң режимдегі түзеу колонияда асылған күйде табылды. Бұл жайлы ресейлік БАҚ-тар жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Басылымдардың мәліметінше, 66 жастағы бас "ұры" 2023 жылдың желтоқсан айынан бастап Карелия Республикасыдағы түрмеде болған. 2023 жылдың 10 шілдесінде Мәскеу қалалық соты оны қылмыстық мәртебесі және есірткіні заңсыз сақтағаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айырған.
Маймушев Семейде туған. Қылмыс әлемінде абыройы бар "вор в законе". Оның аты 1997 жылдан бері шыға бастаған. 2022 жылдың қаңтарында Маймушев Мәскеу барларының бірінде ұсталды. Жеке тексеру кезінде одан метадон табылған.