Сенатор журналистердің сұрақтарына жауап берді
Сенат депутаты Марат Қожаев Талғардағы жасөспірімнің өліміне қатысты сот отырысы ашық өту керек пе деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Бұл жағдайда істі Ішкі істер министрі, прокуратура бақылайды. Сондықтан, менің ойымша, іс бойынша заңдылық, объективтілік, тергеудің толықтығы қамтамасыз етіледі», - деді Қожаев.
Сенаторға журналистер тағы да «сот отырысын ашық өткізу керек пе?» деген сұрақ қойды.
«Ашық сот... Мен қоғамдағы осындай мәселені ашық түрде талқылау керек шығар деген ойдамын», - деді ол.