«Астанада оқушылар арасында төбелес болды»: Полиция пікір білдірді

Qaz365.kz редакциясы

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа қатысты полиция пікір білдірді

Фото: polisia.kz

Әлеуметтік желілерде Астанадағы №37 мектептің маңында төбелес болып, адам қаза тауып, бірнеше адам ауруханаға түскені жайлы ақпарат тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Елордалық полиция департаменті ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.

«Төбелестің өзі, сондай-ақ онда қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», - делінген Астана полициясының хабарламасында.

Полицейлер көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертіп, тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.