5 млн теңгеден астам: Шымкентте бухгалтер мемлекет қаржысын жымқырғаны үшін сотталды

Qaz365.kz редакциясы

Сот шешім шығарды

Фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен №96 М.Әуезов атындағы орта мектептің бас бухгалтері сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқырғаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мекеменің бухгалтері қызметтік жағдайын пайдаланып, ай сайын өзінің есеп шотына белгіленген мөлшерден артық ақша аударып отырған. Барлығы 5 164 921 теңге сомасында аударым жүргізілген.

Аталған факті бойынша тұлға өз кінәсін толық мойындауына байланысты сотпен белгілі бір қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңiл жаза тағайындалды», – делінген Шымкент қаласы прокуратурасының хабарламасында.

Келтірілген шығын мемлекет бюджетіне толық көлемде қайтарылды.