Ол алаяқтық жасады деп күдікке ілінген
Талдықорған қалалық полициясының бұрынғы басшысына жыныстық зорлық көрсетті деп айып таққан қыздың өзі үйқамаққа алынды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Информбюроға сілтеме жасап.
Ол алаяқтық жасады деп күдікке ілінген. Анығын айтқанда Марат Күштібаевтың ісі бойынша жәбірленуші сотта түсініктемемді өзгертемін деп әйелінен қомақты ақша алған көрінеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мамандарының мәліметінше, аты шулы істі жүргізген соттың хатшысы да тергелген. Оның жәбірленушінің жауабын өзгертуге ықпалдасамын деп 40 миллион теңгенің жартысын алғаны анықталды.
Еске сала кетейік, Талдықорған қалалық Полиция басқармасының бастығы жұмыс кабинетінде 27 жастағы әйелді зорлық-зомбылық қолдану арқылы жыныстық қатынас жасады деп айыпталған еді. Оқиға былтыр қараша айында болған. Қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралып, Марат Күштібаевтың 11 жылға бас бостандығынан айырылған еді.