Басылымның мәліметінше, өңір басшысы Жітіқарадан келген Рудный тұрғындарымен кездесуде болған оқиғаға түсініктеме беріп, жедел кеңес өткізген
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Жітіқарадағы қайғылы оқиғаның егжей-тегжейін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Оның сөзінше, өртенген үйдің төбесі құлап, бес бала көз жұмған болатын, деп жазады «Наша газета».
Басылымның мәліметінше, өңір басшысы Жітіқарадан келген Рудный тұрғындарымен кездесуде болған оқиғаға түсініктеме беріп, жедел кеңес өткізген.
"Комиссия енді істің мән-жайын анықтайды. Біз мұндай жағдайларға жол бермеуіміз керек. Қазір бәрін пысықтауға және осындай қайғылы оқиғалардың алдын алуға тиіс қызметтерді тексеріп жатырмыз. Біріншіден, есепте тұрған отбасыларды газ анализаторымен жабдықтауымыз керек. 2019 жылы газ анализаторы онда орнатылған. Ол жұмыс істеп тұған, - деп түсіндірді Ақсақалов.
Әкімнің айтуынша, жылыту маусымы басталғанға дейін жылына екі рет және міндетті түрде ТЖД мамандары осы датчиктерге тексеру жүргізген. Тамыз айында олар бұл үйді тексерген кезде жабдық жұмыс істеп тұрған.
"Бірақ сонымен бірге баланың сөзіне қарағанда, бір нәрсе тұтанған. Барлық мән-жайды комиссия анықтайды. Өкінішке қарай, мұндай қайғылы жағдай орын алды. Кешірім сұраймыз, - деді ол.